117. Құтыда сұйылтқаннан кейін тиісті күні мен уақытын көрсету керек.
118. Сұйылтқаннан кейін вакцинаны плюс 2°C-тан плюс 30°C-қа дейінгі температурада сақтау және 6 сағат ішінде пайдалану керек.
119. Сұйылтылған вакцинаны қатыруға және шайқауға болмайды.
120. Вакцинаны сұйылту үшін 0,1 мл қадаммен бөліктелген 2-ден 5 мл дейінгі шприц қолданылады.
121. Вакцинаны енгізу үшін көлемі 0,3 мл немесе 0,1 мл қадаммен бөліктелген 1,0 мл өздігінен бұзылатын (өздігінен бұғатталатын) шприц пайдаланылады.
122. Сұйылтқаннан кейін құтының ішінде 2,25 мл вакцина болады және одан 0,3 мл-ден 6 доза алуға болады. Асептикалық жағдайларда құтының тығынын бір реттік антисептикалық тампонмен тазартады, 0,3 мл препаратты шприцтің көмегімен алады; бір құтыдан 6 доза алу үшін шағын «өлі» көлемді шприцтер және (немесе) инелерді пайдалану керек. Шприц пен иненің жиынтық шағын «өлі» көлемі 35 мкл-ден аспауы тиіс. Әр дозаны алу кезінде шайқау қажет етілмейді.
123. Вакцина енгізу алдында теріні 70 пайыздық спирт ерітіндісімен дезинфекциялау қажет; вакцинаны енгізу алдында спирттің терінің бетінен толық буланғанына көз жеткізу қажет.
124. Егілуші адамға енгізу үшін вакцинаның әрбір дозасының көлемі 0,3 мл құрауы тиіс.
125. Тұтастығы және/немесе құтының таңбасы бұзылған, физикалық қасиеттері өзгерген (лайлану, боялу), дұрыс сақталмаған және/немесе жарамдылық мерзімі өткен вакцина пайдалануға жарамсыз.
126. «Комирнати» вакцинасын қолдану арқылы КВИ-ге қарсы вакцинациялау мен басқа екпелермен вакцинациялау арасындағы аралықты кемінде 14 күн сақтау ұсынылады.
127. Жүргізілген вакцинацияны белгіленген есепке алу нысандарында (КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді есепке алудың жеке журналы немесе КМАЖ, ҚР ДСМ ХТТ «Вакцинация» модулі) вакцинация жүргізілген күнді, егу түрін, препараттың өндіруші кәсіпорнын, серия нөмірін, вакцинаға реакцияны көрсете отырып тіркейді.
128. Кейбір егілушілерде «Комирнати» вакцинасы келесі күтілетін реакцияларды тудыруы мүмкін:
1) өте жиі (10-нан 1-ден көп адамда пайда болуы мүмкін): инъекция орнындағы ауырсыну, ісіну, шаршағыштық, бас ауруы, бұлшықет ауруы, буынның ауыруы, қалтырау, диарея, қызба; аталған реакциялардың кейбіреулері 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерде ересектерге қарағанда біршама жиі кездеседі;
2) жиі (10-нан 1-ден көп емес адамда пайда болуы мүмкін): инъекция орнында қызару, жүрек айну, құсу;
3) жиі емес (100-ден 1-ден көп емес адамда пайда болуы мүмкін): үлкейген лимфа түйіндері, әлсіздік, қолдың ауыруы, ұйқысыздық, инъекция орнындағы қышу, бөртпе немесе қышу сияқты аллергиялық реакциялар;
4) сирек (1000-нан 1-ден көп емес адамда пайда болуы мүмкін): бет нервінің уақытша біржақты сал ауруы, есекжем немесе бет ісінуі сияқты аллергиялық реакциялар;
5) белгісіз (қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, пайда болу жиілігін анықтау мүмкін емес): ауыр аллергиялық реакция, жүрек бұлшықетінің қабынуы (миокардит) немесе жүректің сыртқы қабығының қабынуы (перикардит), бұл ентігуге, жүрек соғуының жиілеуіне немесе кеуденің ауыруына, инъекция орнында кең көлемді ісінуге, егер бұрын бет аймағына косметикалық инъекциялар жасалса, беттің ісінуіне алып келуі мүмкін.
8. КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы
129. Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады.
130. КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы аяқталғаннан кейін 6 ай аралықпен бір рет жүргізіледі.
131. КВИ-ге қарсы бастапқы вакцинацияның толық курсы бар КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакцинациялау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі.
132. Бұрын КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) пайдалана отырып жүргізіледі.
Лактация кезеңіндегі әйелдерді КВИ-ге қарсы ревакцинациялау босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейінгі (42 күннен кейін) кезеңнен бастап бала 2 жасқа толғанға дейін «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) пайдалана отырып жүргізіледі.
133. «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 60 және одан жоғары жастағы адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.
134. КВИ-ге қарсы ревакцинациялауды КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсында қолданылмаған вакцина түрлерімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, М-РНК-вакцина) жүргізу ұсынылады.
135. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған КВИ-ге қарсы вакцинамен ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.
9. Коронавирус инфекциясына қарсы иммундаудан кейін егуден
кейінгі кезеңді бақылау және қолайсыз көріністерді тергеп-тексеру
136. Халықтың көп тобына вакцинация жүргізу кезеңінде ИКҚК-ны қадағалау жүйесінің қажеттілігі бірнеше себептермен түсіндіріледі:
1) организмге кез келген вакцинаны енгізгенде ИКҚК дамуы мүмкін. Әдеттегі ИКҚК әрбір вакцинаға қоса берілген нұсқаулықтарда сипатталады;
2) вакцинация жүргізу кезеңінде жоспарлы иммундаудың ұзақтығы бойынша сондай кезеңімен салыстырғанда тіркелетін ИКҚК санының ұлғаюы мүмкін.
137. ИКҚК тізбесі мыналарды қамтиды:
1) вакцина енгізілген жердегі абсцесс;
2) қызба;
3) лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
4) бүкіл аяқ-қолға таралған инъекция орнының ісінуі;
5) аллергиялық реакцияларды (Квинке ісігі, есекжем), инъекция орнының қышуы;
6) анафилактикалық шок;
7) коллапс (гипотензивті-гиподинамикалық синдром);
8) денедегі бөртпе;
9) артралгия;
10) жүрек бұлшықетінің, жүректің сыртқы қабығының қабынуы;
11) басқа ерекше реакциялар.
138. Вакцинадан кейінгі кезеңде егілген адамдарды белсенді бақылау процесінде немесе медициналық көмекке жүгінген кезде кез келген ИКҚК-ның даму фактісі анықталған кезде дәрігер (фельдшер) ИКҚК-нің барлық жағдайлары туралы мәліметтерді медициналық құжаттамаға және Модульге енгізеді.
139. Тергеп-тексеруге жататын елеулі ИКҚК дамыған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа мәліметтер инфекциялық ауруларды есепке алу журналына, науқасты емдеуге жатқызу кезінде - жедел жәрдемді шақыру картасына және стационарлық науқастың медициналық картасына енгізіледі.
140. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) хабарламаны жоғары тұрған органға «төменнен жоғарыға» қағидаты бойынша, сондай-ақ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына ұсынады.
141. ИКҚК жағдайларын тіркеу, есепке алу және тергеп-тексеру «Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-169/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
142. Өңірлік деңгейде аумақтық бөлімше денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдерін тарта отырып, ИКҚК бойынша сараптау комиссиясын құрады. Сараптау комиссиясының құрамына госпитальдық эпидемиолог, терапевт, инфекционист, иммунолог және невропатолог, қажет болған жағдайда басқа бейіндегі мамандар кіреді.
143. ИКҚК-нің барлық жағдайлары вакцинаның нұсқаулығына сәйкес оның дамуының тікелей себебін анықтау мақсатында міндетті түрде тіркелуге және тергеп-тексерілуге жатады.
144. ИКҚК-ге күдіктенудің әрбір жағдайы егілген адамның денсаулық жағдайы туралы, егілгені туралы, препарат, ИКҚК клиникасы, ИКҚК туындаған кезде медициналық көмекті ұйымдастыру туралы мәліметтерді қамтитын ИКҚК жағдайын эпидемиологиялық тергеп-тексеру актісін жасай отырып тергеп-тексеріледі.
145. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ИКҚК жағдайлары мынадай болып жіктеледі:
1) вакцинациямен байланысты;
2) вакцинациямен байланысты емес;
3) вакцинация техникасының бұзылуымен байланысты;
4) уақыт бойынша вакцинациямен сәйкес келген аурулар;
5) этиологиясы анықталмаған.
146. Егу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары вакцинация техникасының бұзылуы анықталған жағдайда медицина қызметкерін иммундау жүргізуге қатысудан шеттетуге дейін қажетті шаралар қабылдайды.
147. Вакцинацияны жүргізген және егуден кейінгі кезеңде егілген адамды бақылайтын медицина қызметкері анафилактикалық шокты талудан ажыратады, шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша білімі мен дағдысы болады.
148. Егу пункттерінің, емханалар мен стационарлардың медицина қызметкерлері:
1) ИКҚК-ға күдік болған кезде пациентке барабар медициналық көмек көрсетеді және қажет болған кезде мамандандырылған көмек көрсету үшін стационарға уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз етеді;
2) егуден кейін вакцина енгізу орнында дімкәстік, гиперемия және елеусіз ауырсыну байқалатын әлсіз реакцияның, сондай-ақ өте сирек кездесетін және емделетін және салдарларын қалдырмайтын ықтимал ауыр ИКҚК пайда болу мүмкіндігі туралы түсіндіру бойынша егілетін адамдармен әңгімелесулер жүргізеді;
3) ИКҚК-ға күдік болған кезде 12 сағаттың ішінде аумақтық бөлімшеге шұғыл хабарлама береді.
149. Аумақтық бөлімшенің эпидемиологы:
1) ИКҚК-ның әрбір жағдайын тергеп-тексеруді қамтамасыз етеді;
2) аумақтық бөлімшелер хабарламаны жоғары тұрған органға «төменнен-жоғары» қағидаты бойынша, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымына береді.
150. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) алынған мәліметтерді қорытындылайды, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының басшылығына ИКҚК-ге қатысты жағдай туралы ұлттық деңгейде ақпараттық хабарлама дайындайды;
2) ИКҚК-ны қадағалауды жүзеге асырады, өңірлерден ИКҚК жағдайлары туралы ақпаратты уақтылы және толық алмаған кезде қажетті шаралар қабылдайды.
151. ИКҚК анықталған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) жұмыс істеу кезінде өңірдің аумақтық бөлімшелері мен денсаулық сақтау басқармаларының іс-қимылы:
1) БАҚ-пен жұмыс істеу үшін облыс, қала, аудан деңгейінде жауапты және құзыретті адамдар ресми түрде тағайындалады;
2) баспасөз өкілдерінің иммундау мәселелеріне қатысты көтерген барлық сұрақтарына, оның ішінде ИКҚК бойынша жауап беру қажет;
3) нақты жағдайды көрсету қажет, бірақ жағдайды тергеп-тексеру аяқталғанға дейін ерекше реакция немесе асқынулар жағдайы туралы мерзімінен бұрын қорытынды жасамау керек;
4) баспасөз конференциясында таратуға жоспарланған барлық ақпарат баспасөз өкілдеріне арналған баспасөз релизіне енгізілуі тиіс, ол алдын ала дайындалуы және:
- ИКҚК жағдайларының саны туралы толық ақпаратты;
- ИКҚК жағдайларының тіркелуін;
- алдын ала қабылданған немесе қабылдау жоспарланған іс-әрекеттерді (мысалы, жағдайды тергеп-тексеру);
- ИКҚК себептерін (егер олар анықталған болса және күмән тудырмаса);
- ИКҚК-нің осындай жағдайларын болдырмау үшін қабылданған немесе жоспарланған іс-әрекеттерді қамтуы тиіс.
10. Вакцинациялау жүргізу жөніндегі деректерді ҚР ДСМ ХТТ
«Вакцинация» модуліне енгізу
152. Модуль вакцинациялауды жүргізуді, оның жүргізілмегенін, сондай-ақ вакцинацияланатын адамдарда ИКҚК-ге күдік жағдайларын тіркеуге мүмкіндік береді.
153. Модульде авторизациялау кезінде 3 рөл бар: дәрігер, егу мейіргері, фармаколог, ДСБ қызметкері, әкімші, фельдшер.
154. Модульде авторизациялаудан кейін медицина қызметкеріне (дәрігер және фельдшер рөлдері) мынадай қосымша беттер қолжетімді: дәрігер кестесі, пациент туралы жалпы ақпарат, бөлу, есептер.
155. ЖСН бойынша іздеу кезінде «Пациент туралы жалпы ақпарат» қосымша бетінде пациент туралы жалпы ақпарат көрсетіледі: тіркеу, учаскелік дәрігердің Т.А.Ә., диспансерлік есепке алу (ДНЭТ), жазып берілген тегін рецепттер (ТМККК және АНҚ шеңберінде), жоспарлы емдеуге жатқызу (БГ), үзінді көшірмелер (СНЭТ), 034/е нысаны бойынша хабарламалар, күн бойынша ауруханаға жатқызу туралы шұғыл хабарлама (тізіммен көрсету, БГ-ден ақпарат).
156. «Дәрігер кестесі» қосымша бетінде жоспарланған жоспарланған бару туралы ақпаратты (күні, уақыты, пациенттің Т.А.Ә. және ЖСН) көрсете отырып, вакцинацияланған адамдардың жазбалары бойынша ақпарат көрсетіледі.
157. Вакцинациялау жүргізу жоспарын медицина қызметкері вакцинация жоспарының атауын таңдау және процедураның уақыты мен күнін көрсете отырып күнтізбені ашу арқылы жасайды.
158. «Ем-шараға келісу» кезінде және пациентте қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда медицина қызметкері тиісті нысанды толтыра отырып және «Пациент карточкасы» терезесінде енгізілген ақпаратты сақтай отырып, вакцинация жүргізу процесін жүзеге асырады.
159. Қарсы көрсетілімдер бар болған немесе КВИ-ге қарсы вакцинациядан бас тартқан кезде вакцинацияны жүргізбеу себептері көрсетіледі.
160. Вакцинациядан кейін ИКҚК-ге күдік анықталған кезде «Күтілетін реакция / ИКҚК» қосымша бетінде мынадай жолдар толтырылады: реакцияның тіркелген күні мен уақыты, күтілетін реакция/ИКҚК, сипмтопдар және ИКҚК жағдайы туралы қосымша ақпарат.
161. Тексеруге жататын елеулі ИКҚК дамыған жағдайда медицина қызметкері «Пациент карточкасы» терезесінде «Шұғыл хабарлама» нысанын жасайды.
162. Енгізілген деректер негізінде медицина қызметкері болашақта пациенттің карточкасында көрсетілетін 034/е нысанын жасау және бекіту мүмкіндігіне ие болады.
163. «Бөлу» деген қосымша бетке «Электрондық үкімет» порталынан және Модульден вакцинациялаудың бірінші кезеңін өткізуге өтінімдер келіп түседі, онда дәрігерде келіп түскен өтінімдер тізімі бойынша вакцинациялауды жоспарлауды бөлуге арналған функционал бар.
164. КВИ-ге қарсы вакцинациялауды дәрігердің консультациясы мен мақұлдауынан және пациенттің келісімінен кейін дәрігер пациентті КВИ-ге қарсы вакцинациялауды жүргізу үшін егу кабинетіне жібереді. Мейіргердің кіруі бірыңғай авторизация нүктесі арқылы да жүзеге асырылады, авторизациядан кейін вакцинацияланатын адамдардың тізімі бойынша қосымша бет ашылады, онда: дәрігердің ТАӘ, пациенттің Т.А.Ә/ЖСН, вакцинаның атауы, кезеңі, вакцинациялауды жүргізу орны, мәртебесі көрсетіледі.
165. Модульде авторизациядан кейін фармаколог үшін «Вакциналар анықтамалығы» қосымша бетіне вакцинация жоспары, вакцинаның атауы, нөмірі, сериясы және партия мәртебесі туралы деректерді толтыру үшін қолжетімді болады.
166. КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) растайтын құжаттар ұсынылған кезде Модульде шет елдерде КВИ-ге қарсы вакцина алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациясы мен ревакцинациясы туралы мәліметтерді енгізеді;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - ҚР БҒМ) растайтын ақпаратын ұсынған кезде Модульге клиникалық зерттеулер шеңберінде «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ге қарсы вакцина алған Қазақстан Республикасы азаматтарының КВИ-ге қарсы вакцинациясы туралы мәліметтерді енгізеді;
3) ҚР БҒМ растайтын ақпаратты ұсынған кезде «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ге қарсы вакцина алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакцинациясы туралы мәліметтерді Модульге енгізеді;
4) Модульге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ (жеке сәйкестендіру нөмірінсіз) Қазақстан Республикасының егілген азаматтары бойынша деректерді енгізеді.
167. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының жауапты тұлғалары күн сайын Модульге КВИ-ге қарсы вакциналардың қозғалысы бойынша деректерді енгізеді.
168. КВИ-ге қарсы вакцинациялауды жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «Вакцинация паспорты» қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасында халықты
коронавирус инфекциясына қарсы
профилактикалық егулерді ұйымдастыру
және жүргізу алгоритміне
1-қосымша
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның толық курсын
қайта өткізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім
Мен, төменде қол қоюшы
______________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса)
осы құжат арқылы дәрігердің мыналар туралы ақпарат бергенін растаймын:
1) КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын қайта алу қауіпсіздігі туралы ресми ұсынымдардың жоқтығы туралы;
2) профилактикалық егу жүргізуден кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер туралы;
3) иммундаудан кейін кез келген қолайсыз көріністер дамыған кезде медициналық ұйымға уақтылы жүгіну қажеттігі туралы;
4) иммундаудан кейін қолайсыз көріністер пайда болған жағдайда КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын қайта жүргізу туралы шешім қабылдаған тұлғаға жауапкершілік жүктеледі.
Толық ақпарат алып: «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын қайта жүргізуге келісемін.
Күні 20___ жылғы «____» _____________ Қолы ______________
Қазақстан Республикасында халықты
коронавирус инфекциясына қарсы
профилактикалық егулерді ұйымдастыру
және жүргізу алгоритміне
2-қосымша
КВИ-ге қарсы вакцинациялау туралы анықтама нысаны
| | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан Committee of Sanitary and Epidemiological Control of the Ministry of Healthcare of the Republic of Kazakhstan |
| «Вакцинациядан өту туралы анықтама» «Справка о прохождении вакцинации» «Certificate of completion of vaccination» | QR-код / QR коды / QRcode |
| Тегі, аты, әкесінің аты/ Фамилия, имя, отчество/ Patient full name |
|
| ЖСН/ИИН/IIN/ Құжат нөмірі/Номер документа/Document number |
|
| Туған күні/Дата рождения/Date of birth |
|
| Жынысы/ Пол/ Gender |
|
| Вакцинация өткізу орны/ Место проведения вакцинации/ Place of vaccination |
|
| Процедура түрі/ Вид процедуры/ Type of procedure | Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация/ Вакцинация против коронавирусной инфекции/ Vaccination against coronavirus infection |
| Препарат атауы/ Наименование препарата/ Name of the drug |
|
| Препаратты өндіруші ел/ Страна-производитель препарата/ Producing country of the drug |
|
| Препаратты өндіруші ұйым/ Организация-производитель препарата/ Producing organization of the drug |
|
| Вакцинацияны алған күні/ Дата получения вакцинации/ Date of receipt of vaccination | I кезең/этап/stage - «__» ___ 20__ II кезең/этап/stage - «__» ___ 20__ |
| Доза/Доза/Dose | I кезең/этап/stage - ______________ II кезең/этап/stage - ______________ |
| Серия/Серия/Series |
|
| Дәрігер/Врач/Doctor |
|
| РЕВАКЦИНАЦИЯ | |
| Ревакцинациялау препарат атауы/ Наименование препарата ревакцинации/ Name of the revaccination drug |
|
| Препаратты өндіруші ел/ Страна-производитель препарата/ Producing country of the drug |
|
| Препаратты өндіруші ұйым/ Организация-производитель препарата/ Producing organization of the drug |
|
| Ревакцинацияны алған күні/ Дата получения ревакцинации/ Date of receipt of revaccination |
|
| Доза/Доза/Dose |
|
| Серия/Серия/Series |
|
| Дәрігер/Врач/Doctor |
|
| Жарамды/Действителен до/ Valid until |
|
М.О/М.П/P.L Берді/выдал/provided by: _______________________
Қолы/подпись/signature ______ күні/дата/date ______
Қазақстан Республикасында халықты
коронавирус инфекциясына қарсы
профилактикалық егулерді ұйымдастыру
және жүргізу алгоритміне
3-қосымша
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация бойынша
жадынама
Вакцинация екі кезеңмен жүргізіледі:
I (күні, айы, жылы) __________________________
II (күні, айы, жылы) __________________________
Мүмкін болатын жанама әсерлер:
Вакцинациядан кейін алғашқы 3 тәулікте қысқа мерзімді жалпы (қалтырау, дене қызуының көтерілуі, артралгия, миалгия, астения, жалпы дімкәстік, бас ауруымен, шаршағыштықпен сипатталатын қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром) және жергілікті (инъекция орнындағы ауырсыну, гиперемия, ісіну) реакциялар дамуы және шешілуі мүмкін. Жүрек айну, диспепсия, тәбеттің төмендеуі, кейде аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғайуы сирек байқалады. Аллергиялық реакциялардың, невралгияның, неврологиялық бұзылыстардың дамуы мүмкін.
Вакцинациядан кейін 3 күн бойы инъекция орнын суламау, саунаға, моншаға бармау, алкоголь ішпеу, шамадан тыс физикалық күш салудан аулақ болу ұсынылады.
Вакцинация орнының қызаруы, ісінуі, ауыруы кезінде антигистаминдерді қабылдау ұсынылады. Вакцинациядан кейін дене температурасы жоғарыласа - стероидты емес қабынуға қарсы препараттар ұсынылады.
Вакцинациялаудан кейінгі кезең бойынша сұрақтар туындаған кезде емхананың учаскелік дәрігеріне мына телефондар бойынша жүгінуге _______________________ және қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді (103 немесе ______________) шақыруға болады.
Қазақстан Республикасында халықты
коронавирус инфекциясына қарсы
профилактикалық егулерді ұйымдастыру
және жүргізу алгоритміне
4-қосымша
КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді жүргізу алдында егілетін адам
немесе оның заңды өкілдерінен сұрау алу үшін медицина қызметкерлеріне
арналған сауалнама
| Санаттар | Сұрақтар | Иә / жоқ |
| Міндетті сұрақтар | Егілетін адамның жалпы жағдайы? Жіті аурудың болуы? |
|
| Кез келген дәрі-дәрмектерге, тамақ өнімдеріне немесе вакциналарға аллергия бар ма? |
| |
| Бұрын вакцинаны енгізу кезінде қатты реакциялар болды ма? |
| |
| Ми мен жүйке жүйесінің құрысуы немесе патологиясы байқалды ма? |
| |
| Демікпе, өкпе, жүрек, бүйрек аурулары, метаболизм аурулары (қант диабеті) бар ма? |
| |
| Онкологиялық аурудың болуы? |
| |
| АИТВ/ЖИТС-тің, иммундық жүйе тарапынан қандай да бір басқа проблемалардың болуы? |
| |
| Соңғы 3 айда кортизонмен, преднизолонмен және басқа стероидтармен, ісікке қарсы препараттармен емдеу, сәулелік терапиядан өтуі? Қанша уақытқа тағайындалды? |
| |
| Соңғы 4 аптада иммундаудың жүргізілуі? |
| |
| Соңғы 14 күн ішінде инфекциялық, оның ішінде КВИ-мен ауыратын науқастармен байланыстың болуы |
| |
| Коронавирус инфекциясымен ауырдыңыз ба? Қашан? |
| |
| Әйелдерге | Жүктіліктің болуы немесе келесі айда жүктіліктің болу ықтималдығы? Жүктілік мерзімі |
|
| Лактация кезеңінде болуы |
| |
| Дәрігердің пікірінше қажетті қосымша мәліметтер |
| |
Қазақстан Республикасында халықты
коронавирус инфекциясына қарсы
профилактикалық егулерді ұйымдастыру
және жүргізу алгоритміне
5-қосымша
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы «13» қаңтардағы
№ 2 қаулысына
2-қосымша
Коронавирус инфекциясының профилактикасы бойынша
вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті
1. Қолдану саласы
1. Осы регламент өндіруші, дәріхана қоймалары, денсаулық сақтау ұйымдары және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган арасындағы өзара іс-қимыл қағидаларын айқындайды. Құрамы медицина және фармацевтика қызметкерлерінің қабылдау қағидаттарының сипаттамасын, коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - КВИ) профилактикасы үшін вакцинаның сақталуы мен тасымалдануын бақылауды қамтиды.
2. Нормативтік сілтемелер
2. Осы регламент мынадай нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып әзірленген:
1) «Иммунологиялық дәрілік препараттарды (иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды) сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығы;
2) «Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 392 бұйрығы;
3) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы.
3. Терминдер мен анықтамалар, қысқартулар мен шартты белгілер
3. Осы регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
| № р/н | Анықтама | Анықтаманың мағынасын ашу |
| 1. | «Белсенді» термоконтейнер | тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі термоконтейнер |
| 2. | Иммунологиялық дәрілік препараттар (иммундық-биологиялық дәрілік препараттар) | белсенді немесе пассивті иммунитетті қалыптастыруға немесе иммунитеттің бар-жоғын диагностикалауға немесе аллергия тудыратын заттарға иммунологиялық қарсылықтың өзіндік жүре пайда болған өзгерісін диагностикалауға арналған дәрілік препараттар. Иммундық-биологиялық дәрілік препараттарға вакциналар, оның ішінде жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының профилактикасына арналған вакцина, анатоксиндер, токсиндер, сарысулар, иммундық-глобулиндер және аллергендер жатады |
| 3. | «Пассивті» термоконтейнер | салқындатқыш агенттер ретінде салқын элементтер немесе құрғақ мұз пайдаланылатын изотермиялық түрдегі термоконтейнер. |
| 4. | Стандартты операциялық рәсім | ұйымда орындалатын, орындауға міндетті стандартты іс-қимылдардың және/немесе операциялардың сипаттамасын қамтитын құжат |
| 5. | Термоконтейнер | жылуға тұрақсыз дәрілік заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған, оларды қоршаған ортаның жоғары немесе төмен температураларының әсерінен қорғауға арналған сыйымдылық |
| 6. | Терморегистратор | нақты уақыт шкаласына байланыстыра отырып, температура мәндерін (белгіленген қателік шегінде) электрондық және/немесе қағаз тасымалдағышта өлшеуге, автоматты түрде жазуға, сақтауға және жаңғыртуға арналған температураны өлшеу құралы |
| 7. | Термоиндикатор | белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір температура аралығының бұзылу фактісін немесе мұндай бұзушылықтың болмау фактісін бір мәнді анықтауға және көрсетуге арналған температуралық тәртіптің бұзылуын анықтауға арналған құрал |
| 8. | Жауапты тұлға | сапа жүйесі тиімділігінің мониторингін және стандартты операциялық рәсімдерді өзектендіруді жүзеге асыратын сапа жүйесін енгізуге және қамтамасыз етуге жауапты тұлға |
| 9. | Вакцина | SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирустық инфекцияға қарсы Қазақстан немесе Ресей өндірген вакцина. |